Енді бөлшек сауда салығы бөлек болады

Үстіміздегі айда аталмыш жеңілдік көрсетілетін шағын және орта кәсіптің 114 түрі кіретін тізім бекітілді. Аумағы 200 шаршы метр және одан асатын сауда саласының өкілдеріне ең көп жеңілдік көрсетілген.

 

- Енді компаниялар мен жеке кәсіпкерлер жалпы табыстың 3% ғана төлеу мүмкіндігіне ие болды. Алдында олар 20% корпоративті және 10% жеке табыс салығын төлеп келген. Дегенмен бухгалтерлік есеп жүргізілу қажет. Кіріс пен шығыс ескеріледі, - деді Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Галина Бирюкова.

 

Бөлшек сауда салығының енгізілуі кәсіпкерлердің қазіргі жағдайын тұрақтандыруға ықпал жасамақ. Салықтың бұл түрін кәсіпкер ерікті түрде таңдай алады. Ол үшін мемлекеттік кірістер депаратментін ескерту шарт. Қаулы 2023 жылдың қаңтарына дейін жарамды.