Павлодар облысы бойынша білім беру саласы ең көп ақша жұмсаған
Павлодар облысы қаржы басқармасының басшысы мәлімдегендей 2020-шы жылға бөлінген қаражаттың 99,3 пайызы бұл яғни 302,7 миллиард теңге игерілді. Соманың басым бөлігі ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беруге бағытталған.
- Білім беру саласына 42,5 миллиард теңге бөлініп, барлығы иегерілді. Бұл ретте, 5509 бала арнайы мекемелерде білім алды. 14 мекеме 4,5 миллиард теңге игерді. Техникалық, кәсіби кадрларды дайындауға 8,4 миллиард теңге бағытталған болатын, - деді Павлодар облысы қаржы басқармасының басшысы Жеңіс Шақатов.
2020-шы жылы денсаулық сақтау саласына 20,7 миллиард теңге бөлініп, оның 2,1-і игерілді. Соммаға Успен және Шарбақты аудандық емханаларында жөндеу жүргізілді. Бұдан бөлек, модульдік емхана ашылып, №1 мекемеге 5 мыңға жуық медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Жағымды динамикаға қарамастан, тексеру комиссиясының төрайымы кемшіліктерді атады.
- Павлодар қаласы бойынша асыра орындау байқалады. 1,8 миллиард теңге 4-тен 6 айға дейін қозғалыссыз бақылау есепте болған. Қалада көптеген әлеуметтік жобалар орындалмады, - деп атап өтті Павлодар облысы тексеру комиссиясының төрайымы Айнагүл Құрманова.
Халық қалаулары ескертулермен келісті. Келесі жолы мұндай қателіктерді болдырмауға шақырды.
