Павлодар облысына «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 290 квота бөлінді

- Медициналық ұйымдардың ститистикасы бойынша қазіргі таңда 2400-ге жуық ерлі-зайыптылар түрлі бедеулікпен есепте тұр. Бұл әйелдер және ерлер факторы. 2009 жылдан бастап денсаулық сақтау басқармасында есепте тұрғандардың саны 859, - деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Гүлнәр Жармакина.

 

Айта кететіні, биыл квотаны алу шартына өзгерістер енгізілген. Бұрын әйелдердің жасы 18-ден 35-ке дейін болса, енді 42 жастағылар да кезекке тұра алады. Сонымен қатар, медициналық көрсеткіштер бойынша ерлі-зайыптыларда мүлдем бала болмауы шарт.

 

- Өткен жылы 46 бағдарламаның 15-і оң нәтиже берді. Алайда оның екеуі сәтсіз аяқталды. Бұл көрсеткіш 30 пайыздан төмен. Былтыр пандемия болды. Вирустың да әсер етуі мүмкін, - деді Гүлнәр Жармакина.

 

ЭКО-ның құны 900 мыңнан 1 миллион 200 мыңға дейін жетеді. Квота алғандарға ол әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы төленеді. Республика бойынша экстрокорпоралдық ұрықтандыру орталықтарының саны 25. Жалпы өңірімізде 11 жылда ЭКО арқылы 168 сәби дүниеге келген.