Павлодар облысында жалпы 40 миллион теңгеге бизнес-грант берілген
- Ағымдағы жыл соңына дейін өңірде оқыту жобасымен 1250 адам жоспарлануда. Қазіргі таңда 700 адам бастау жобасы бойынша оқыту сәтті аяқтады. Жоба өңір тұрғындары арасында сұранысқа ие екендігін айтуда. Оқыту онлайн режимінде, екі лек қорытындысы бойынша 763 бағдарламаны сәтті игеріп, бизнес жобалар дайындады, - дейді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.
Алдағы кезеңдердің түлектері арасында 73 адам қаржылай демеуге қол жеткізді, оның ішінде 5 кәсіпкер 23 миллион теңге көлеміндегі несие алды. Ал 68 азаматқа жалпы сомасы 40 миллион теңгені құрайтын қайтарымсыз гранттар табысталды. Бизнес-тренингілерге қатысамын деушілерге әрқашан да есік ашық дейді кәсіпкерлер палатасында.

