Павлодарда жұмыртқа арзандады
Дүкендерде әлеуметтік маңызы бар 1-санаттағы жұмыртқа бағасы 44 пайызға төмендеген. Мамандардың айтуынша өнім жыл сайын осы кезеңде арзандайды. Ең төмен бағадағы жұмыртқаны 36 әлеуметтік дүкеннен сатып алуға болады.
- Әлеуметтік дүкендер 10 пайыздан, ал басқалары 15 пайыздан жоғары қоспайды. Қазіргі таңда бірінші санаттағы жұмыртқа бағасы 270-280 теңгені құрайды. Құс фабрикаларынан 24,5 теңгеден босатылады, - деді Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің инспекторы Нұржан Әбішев.
Жалпы өңірімізде жергілікті 3 құс өндіру фабрикасы бар. Сонымен қатар өнімді басқа аймақтардан да жеткізіледі. Кәсіпкерлік бөлімінің мәлімдеуінше жұмыртқа бағасы әлі де арзандайды.

