• Басты бет
  • Экономика
  • Шілденің 1-нен Павлодар теміржол вокзалына «Ashyq» қосымшасы арқылы кіргізеді

Шілденің 1-нен Павлодар теміржол вокзалына «Ashyq» қосымшасы арқылы кіргізеді

Қызыл мәртебе қозғалысты шектеуді, сары қозғалысты ішінара шектеуді, көк түс – ПТР міндетті болатын орындардан басқа жерлерге кіруге рұқсат, ал жасыл түс қозғалысқа ешқандай шектеу жоқ екендігін нұсқайды. Осы күні Павлодар облысында 500-ден астам бизнес нысаны «Ashyq» жүйесі арқылы  жұмыс істеуде.

 

- Екібастұз қаласында 86 нысан, Ақсуда 37 және район орталықтарында 73 нысан бұл жүйеге қосылды. «Ashyq» жобасы бойынша қалалық әуежай да жұмыс істеуде. 1 шілдеден бастап теміржол вокзалына кіру де аталмыш қосымша арқылы тексеріледі, - дейді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.

 

Егер келушінің өз бетінше мәртебені тексеруге мүмкіндігі болмаса, онда бұл рәсімді мекеме әкімшісі, азаматтың ЖСН арқылы жүзеге асырады. Айту керек, қосымшада халықтың қозғалысын қадағалау мақсаты жоқ, оның міндеті – коронавирус жұқтырғандар мен байланыста болған тұлғаларға қоғамдық орындарға кіруді шектеу әрі ауру тәуекелін азайту.