Өңірімізде егіс науқаны аяқталуға жақын

Жаздық өнімдерді отырғызу толықтай бітсе, дәнді дақылдармен жұмыстар аяқталуға жақын. Майлыларын да егіп болды, күнбағыс бойынша биыл жер алқаптары 10 мың га-ға артқан көрінеді.

 

- Бидайдың нарық бағасы жоғары болғандықтан, егіс алқаптары арта түсті. Әсіресе, қарақұмық, арпа бойынша. Ал дәнді дақылдар бойынша өткен жылғыға қарағанда 10 мың-ға өсім бар. Көкөністер бойынша егіс науқаны аяқталды. Картоп егілген жер көлемі өткен жылғыдан 200 га көп, - деп атап өтті Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Есентай Мүрсәлімов.

 

Қазіргі таңда егістіктерде өнімдер қылтиып шығып қалды, сондықтан жауын-шашын мөлшерінің маңызы зор. Алайда ауа райы әзірге шаруа иелерін қуантпай тұр. Ылғалдылық қоры болса аяқталуға жақын.

 

- Ертіс, Железин, Тереңкөл аудандарында ылғалыдық деңгей әлі жеткілікті, ал Шарбақты, Успен аудандарында ылғал қоры аяқталуға жақын. Мамыр айында күн өте ыстық болды. Қайта мамыр айындағы қар тоқтату жұмыстарының арқасында ылғалдылық біраз сақталып отыр, - деді Есентай Мүрсәлімов. 

 

Ауыл шаруашылығы басқармасында барлық дақылдар мен жер алқаптары бойынша егіс науқанын осы апта соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Сол кезде әрбір аудандағы жұмыстар мен жалпы көрсеткіштердің динамикасы белгілі болады.