Павлодарда «Альрами» клуб үйі 25 жылдығын атап өтті
Қазанның 10-ы әлем бойынша психикалық денсаулық күні атап өтіледі. Осы орайда ментальды ауытқушылықтары бар адамдарды қоғамға бейімдеумен айналысатын павлодарлық «Альрами» клуб үйі бұл күні мереке ұйымдастарды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күнін Павлодардағы «Альрами» клуб үйінің келушілері ерекше күтеді. Олар бүгін де үлкен сахнада мерекелік шара ұйымдастырып, көңіл көтерді. «Альрами» клуб үйінің тәрбиеленушілері әрдайым ашық жарқын, көңілді, бір-бірінен көмегін аямайды. Бүгін де олар бір отбасының мүшесіндей. Альрами клуб үйінде санап, оқуды, өз ақшасын үнемді пайдаланып, сауда жасауды, тіпті компьютерді пайдалануға үйретеді. Барлығы бірге театр, музейге барып, ортақ қызығушылықтары бойынша пікір алмасады.
-Біз 2001 жылдан бастап жұмыс істеп келеміз. Бірнеше өсу кезеңінен өттік. 2001-11 жылдары біз бір ғана қызмет көрсеткен едік. Бұл демалыс ғана болатын. 11 жылдан біз бен мемлкеттің мүддесі бір арнаға тоғысты. Біз келушілерге 8 қызмет түрін көрсете бастадық. Келушілер әлеуметке бой үйретп, олардың арасында тіпті шаңырақ көтергендер бар. Мұның бәрі үлкен жетістік, - деп мәлімдеді «Альрами» клуб үйінің директоры Назигуль Бекенова.
«Альрами» клубының құрылғанына биыл 25 жыл. Осы уақыт бойы мұнда психоневрологиялық сырқаты бар мыңдаған адамға әлеуметтік-педагогикалық, тұрмыстық, құқықтық көмек көрсеткен. Көптеген адамды жұмыспен де қамтыған.
Бибінұр Хамитқызы
