29 қарашада Павлодарда автобус пен трамвайда жол жүру тегін болады
Аталған жеңілдік қала тұрғындарына да, шаһар қонақтарына да бірдей қолданылады.
— 2026 жылғы 29 қарашада мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауының өтуіне байланысты Павлодар қаласының қоғамдық көлігінде (автобустар мен трамвайларда) тегін жол жүру ұйымдастырылады, — деп мәлімдеді Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен.

