• Басты бет
  • Қоғам
  • 4 жыл төсек тартып жатқан тыл еңбеккеріне арнайы төсек керек

4 жыл төсек тартып жатқан тыл еңбеккеріне арнайы төсек керек

Қазір оны зейнеттегі қызы Наталья күтуде. Көп жатқандықтан анасының денесінде ісік пайда болған. Бұған дәрігерлер арнайы медициналық кереует пен матрас сатып алуға кеңес берген.

 

- Ауруханадағы сияқты доңғалақтары бар, қозғалатын, екі жағынан ернеуі бар кереует қажет. Анам өзі жылжып төсектен құлап кете береді. Сонымен қатар екі сағат сайын оның денесін өңдеп отыруым керек, қазір бұл ыңғайсыз. Ал матрас анам төсек тартып жатқандықтан керек, -  дейді қызы Наталья Совельева.

 

Тек зейнетақыға күн көріп отырған олардың кереуетті сатып алуға қаражаты жоқ. Сондықтан мәселені шешу үшін Наталья қала әкімі Ержан Иманслямға жүгінген.

 

- Заңнамада тыл ардагерлеріне, соғысқа қатысқандарға, мүгедектерге қандай қызмет атқарылатыны нақты жазылған. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі онық аясынан шығып, қарастырылмаған жабдықты ала алмайды. Сондықтан жалғыз шешім демеушілер арқылы сатып алу, - деді Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслям.

 

Қала басшысының айтуынша тыл ардагерінің мәселесі өз бақылауында. Қазір демеушілер іздестірілуде. Олар табылған жағдайда бірден сатып алып, орнатып береді.