Академик Шөкин көшесіндегі қазба жұмыстары қашан аяқталады?
Бұрын ол жерде жаяулар жолы болған. Қазір үлкен шұңқыр. Ал құм айналысында үйінді болып жатыр. Жақын маңайдағы мектептен балаларды әкету үшін ата-аналар техника мен қазба орынды айналып өтуге мәжбүр. Жаяулар да шағымдарын жасырмады.
- Жүру мүмкін емес. Дала көктайғақ. Тым болмаса, маңатына мына шашылған құмнан шашып қоюға болады ғой, - деді қалалықтардың бірі.
- «Павлодар-Водоканал» ЖШС Мәшһүр Жүсіп көшесінен Ак. Сәтпаев көшесіне дейінгі аралықта Ак. Шөкин көшесінің бойында орналасқан диаметрі 500 мм ұзындығы 680 метрлік су құбырына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта 377 метр жер жұмыстары орындалып, 322 метр жаңа су құбыры ауыстырылды, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.
Жаңа құбырларды орнату барысында судан ешкім ажыратылмады. Жұмыстар наурыздың 31-іне дейін жоспарланған. Сол себепті әкімдікте тұрғындардан шыдамдылық танытуды сұрайды.

