Аула ішіндегі қарлар неге тазартылмайды?

Кіреберістен шыға салысымен адамдар мұз айдынына тап болады. Темір тұлпарлардың қозғалыс жылдамдығы да төмендеді. Терең тораптар үлкен кедергі келтіреді екен. Ең бастысы - басқа көлікті зақымдап алмау.

 

- Аулаларды неге тазаламайды екен. Басты көшелерде жақсы, бәрі таза. Ал аулалармен жүру мүмкін емес. Жаяу болса да, көлікпен болса да, - дейді қала тұрғындарының бірі.

 

Аулалардан қар шығару жұмыстарына ПИК-тер жауапты. Әкімдікте телефон арқылы хабарлағандай, бүгінде мұз жолдарды тазалауға техника жетіспеуде. Сондықтан тастай болып қалған қардың еруін күтуге тура келеді.