АУЛАДАҒЫ ДИСНЕЙЛЕНД

Ешқандай алдын-ала жасалған сызбалар жоқ. Барлық жоба ойда. Катаев, 15 мекенжайындағы үйдің белсенді тұрғындары қол қусырып отыра алмайды. Жұмыс уақыты аяқталған соң балақайларға арнап «ертегі» салуда. Әрине, ешқандай төлемсіз. Жастардың өздері таңғалып, үлгі алуда.

Барлығын бастаған жергілікті тұрғын Дмитрий Михайличенко. Аулаға шығып, балаларға арналған құрылысты қолға алды. Ерекше орындықтар, көліктер, тіпті жұмсақ ойыншықтар да қолданысқа кетті.

- Үйдің құрылысын бастап кеттім. Артынан көршілерім қосыла бастады. Материалдар пайда болған сайын, қиялымыз да арта түсті. Мына жердегі құдық ескі шиналардан. Бұл алаңқайдың құрылысына барлық тұрғындар ат салысуда, - дейді кейіпкер.

Балалардың ата-аналары шеберлерге алғыстарын айтуда. Алайда, басты марапат – балалардың күлкісі. Енді алаңқайды ұлғайтып, жаңа құрылыстарды тұрғызу.