Балақайдың еміне 155 миллион теңге керек

Бүгін бүлдіршіннің отбасысы жергілікті ЖОО студенттерінің көмегімен қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Игі шарадан түскен қаражат қатерлі дертке шалдыққан Марат Айшаның еміне жұмсалмақ. Жастар қолдан пісірген тәтті-дәмді тағамдарды сатып, келгендер үшін шағын концерт ұйымдастырды. 

 

- Қазіргі кезде иммуннотерапия деген ем керек. Алты курсы 360 мың доллар тұрады. Біздің теңгемен алғанда 155 миллион теңге. Соның біраз қаражатын жинадық. Сіздерден сол қол ұшын созып немереме көңіл бөліп, көмек берулеріңізді сұраймын, - деді Марат Айшаның әжесі Ғалия Иманбекова.

 

Айта кету керек, Айша отбасындағы жалғыз бала емес. Екі жастағы сіңілісі бар. Анасы мен әкесі сондай-ақ барлық туыстары олардың бірге ойнағанын, қатарласа өсіп, ер жеткенін қалайды. Қазір бүлдіршін Түркия еліндегі клиникалардың бірінде. Әжесі адамдардан балапанға шуақты өмір сыйлауға ат салысуын сұрайды. Ол үшін төменде көрсетілген нөмірге хабарласуға болады. 

 

Kaspi: 8 (777)- 610 -48- 12 Галия И.