Бүгінгі «Нәзік жан» кейіпкері – кран машинисі

- Менің жұмысым да, ұжымым да өте ұнайды. Бұл жерде қызмет ететініме қуаныштымын. Кәсібімді ауыстыру ойы мүлдем жоқ. Тұрақты түрде жалақы да артып отырады, - деді «ERG Service» ЖШС ҚМЦ жөндеу-дайындау учаскесінің көпірлі кран мошинисі Марина Горячева.

Бұл қыздың ең ауыр жүкті көтеретін көпірлі кранды басқара алатыны сенгісіз. Себебі мұнда өте мұқият және шоғырланған болу керек.

- 18 жасынан тәжірибеге келді. 15 жыл жұмыс істеп келеді. Жас әрі перспективті маман. Өте адал және тәртіпті. Жастардан одан үйренетіні бар. Осындайлардан тәжірибе алса деймін, - деді «ERG Service» ЖШС ҚМЦ жөндеу-дайындау учаскесінің шебері Тимофей Сидоровский.                           

Келіншекті оның кәсіби қабілеттері үшін ерекше бағлайда. Оның қоржынында маңызды жеңістер мен беделді марапттар жетерлік. Әрбірі аса үлкен құрметпен, ілтипатпен, ізгілікпен берілген.                                   

- 2017  жылы Ақтөбеге «Алтын Қор» конкурсына барып, төртінші орынға ие болдым. Ал 2019 жылы Рудный қаласында кранның үздік машинисті атандым. Бұл жеңісіммен барлығы мақтанады. Әріптестерім мен басшылығым  мәз болды, - деді Марина Горячева.                          

Фото хоккей  Марина жұмысынан бөлек хоккейге әуес. Ағасы - өңіріміздің жастар құрамасының қақпашысы. Пандемияға дейін ол «Ертістің» бірде бір матчын жібермеген. Сонымен қатар астанаға «Барыстың» ойнына барған. Айта кететіні, бұл сұлу қыздың басы бос. Ер адамдарға оның әрдайым биіктікте екенін ұмытпаған жөн.