• Басты бет
  • Қоғам
  • Ерікті зейнетақы жарналарын жасағандар 5 жылдан кейін салымдарын шеше алады

Ерікті зейнетақы жарналарын жасағандар 5 жылдан кейін салымдарын шеше алады

Айта кететіні, соманы және қай уақытта енгізетінін өзі таңдайды. Салынған қаражатқа инвестициялық табыс түседі. Жиналған ерікті зейнетақы жарналарын жеке категориялармен қатар 50 жастан асқандар шеше алады. Алайда 1 мамырдан бастап бұл тізім толықтырылды.

 

- Ерікті зейнетақы жарналарын алуға құқықтары бар адамдардың ішінде 50 жасқа толған кезінде және азаматтың мүгедектік тобы болса, біздің азамат басқа шетел жаққа тұрғылықты жағдайда кеткен кезінде ала алады. Төртінші бұл егер ерікті жарналардың мерзімі 5 жыл болса сол кезде зейнетақы төлемдеріне ие бола алады, - деді «БЖЗҚ» АҚ Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары Нұржамал Дүйсембаева.

 

Ерікті есепшотты кез келген азамат зейнетақы қорына бірінші төлем жасап автоматты түрде аша алады. Сондай-ақ жеке тұлғалардан бөлек жарналарды заңды тұлғалар, яғни жұмыс беруші де енгізе алады. Жиналған қаражатты да оңай шешіп алуға болады. Айта кететіні, қазіргі таңда өңірімізде 8 мыңнан астам ерікті салымшы бар. Енгізілген жалпы сома - 600 мың теңгеден көп.