Инновациялық Еуразия университетінде өңіріміздегі алғашқы STEM-лагерь өтті
STEM-жобаны Инновациялық Еуразия университетінде жүзеге асыру идеясы бір жыл бұрын пайда болған. Ал бүгін қорытындылады. 4 күн бойы оқушыларды арнайы дайындалған оқытушылар ғылымға үйретті.
- Жоба аясында біз Павлодар қаласы мектептерінің 100-ге жуық мұғалімін оқыттық. Ал бүгін біз нәтижесін көріп отырмыз. Оқушылар үйренгендерін жүзеге асырып, бар білгендерін көрсете алды, - дейді ИнЕУ ректоры Анастасия Алиясова.
STEM-нің ең функционалды бағыты – математика. Пән қиын. Алайда ИнЕУ-дің қабырғасында жобаға қатысушылар бұл көңілді әрі қызықты екеніне көз жеткізді.
- Біз үшін бұл қызықты өтті. Себебі STEM-нің форматы өзгеше. Себебі пәндер классикалық форматта емес, ойын үлгісінде өтті. STEM- бұл 4 негізгі бағыттың бірігуі. Яғни ғылым, инженерия, компьютерлік ғылым мен математика, - дейді ИнЕУ-дің аға оқытушысы Мунира Бокаева.
- Мен басқа адамдармен сөйлесуді үйрендім. Себебі бізді бір бірін танымайтын топтарда алмастырды. Мен жақсы жандармен таныстым, командада жұмыс істеуді үйрендім, - деп айтты Әмірхан Жексенбай.
ЖОО-да мұндай қосымша білім беру балаларды ғылыми жаңашылдықтарға және техникалық мамандықтарды меңгеруге септігін тигізетініне сенімді. Павлодар облысы үшін бұл өзекті. Айта кететіні, ИнЕУ базасында қыркүйек айында STEM-зертхана ашылады. Университет үлкен жоспар құруда.

