Коммуналдық апат салдарынан бірқатар автобустардың жүру бағдары өзгерді
Алпауыт Қамзин көшесінде күрделі жөндеу жұмыстарын бастады. Сол себепті №2, 7, 9, 40, 55, 151 және 157-ші бағыт бойынша жүретін қоғамдық көліктің бағдары өзгерді. Олар көршілес Елгин арқылы қатынайтын болады. Ал Шөкин, 87 мекенжайында жуырда диаметрі 1000 мм құрайтын құбырда ақау анықталды. Аудан бірден судан ажыратылып, Абай көшесі Шөкиннен Маяковскийге дейінгі аралығы көліктер үшін жабылды.
- Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Абай және Маяковский көшелері, Химгородок, Лесозауыт, Торайғыров көшелері уақытша судан ажыратылды. Аталмыш ақау орын алған жерде «Павлодар-Водоканал» ЖШС апаттық бригадалары жұмыс істеді және 9 бірлік мамандандырылған арнайы техника жұмылдырылды, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.
Қазіргі уақытта ақау салдары жойылды. Барлық ауданға су беру үдерісі қалпына келтірілді. Алдағы уақытта, қазылған жерді абаттандыру жұмыстары қолға алынады.

