• Басты бет
  • Қоғам
  • Кәсіпкердің қараусыз қалған дүкендерін әкімдік бұза бастады

Кәсіпкердің қараусыз қалған дүкендерін әкімдік бұза бастады

- Павлодар қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес «Green store» ЖШС-не жер телімдері берілді. Бұл Шөкин, Аймауытов және Назарбаев көшелерінде. Қазіргі уақытта жер телімдерін жалға беру мерзімі аяқталды. Сол себепті Шөкин және Назарбаев көшелеріндегі павильондары демонтаждалды. Олар күтімсіз қалған болатын, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

Ал Аймауытов көшесіндегі павильон бұзылмайды. Әкімдікте мәлімдегендей, болашақта ғимаратты жалға беру жоспары бар. Демонтаждауға жұмсалған қаражатты коммуналшыларға кәсіпкер қайтаруға міндетті.