Мектептегі асхана қызметі мен тамағына оқушылар баға береді
1-4 сынып оқушылары бұрынғыдай тегін тамақтануын жалғастырады. Яғни әр балаға 315 теңге. Ал жоғары сыныптағылар арасынан көпбалалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан оқушыларға ақысыз беріледі.
- Кезек тудырмау үшін асхана қызметкерлері балалардың тамақтарын алдын ала үстелге қойып, бір орынға төртеуден отырғызады. Кейде бір немесе екіден. Санитарлық арақашықтық қатаң сақталады. Оқушылар арнайы бекітілген график бойынша тамақтанады, - №34 ЖОББМ директоры Болат Айғожин.
Ал мынау көңілді және көңілсіз екі смайл мектептерге енгізілген жаңашылдық. Енді білім алушылар қауымы тамақтың сапасына баға беру мүмкіндігіне ие болмақ. Бүгінде бұндай интерактивті терминал тоғыз қалалық мектепте oрнатылған. Автoматты жүйе өзге де мектептерде де орнатылмақ.
- Ас ішіп болған соң балалар тамақтандыру сапасын бағалай алады. Жаңа жүйе ақырындап мектептерде қосылып келеді. Бұл тамақтың сапасын арттыруға, күніне қанша бала мектеп асханасында ішетінін көрсетеді. Статистика білім басқармасының тікелей бақылауында, - деді Болат Айғожин.
Сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы шеңберінде 11 мектеп асханасы жаңа кейіпке енді. Яғни тамақтану орындарының технoлогиялық құрал-жабдықтары жаңартылып, жөнделді. Бұғaн жеке инвестициялардың 103 миллион теңгесі жұмсалды. Бұдан бөлек мектеп оқушыларын тамақтандыру жүйесінде ақыны қолма-қoл төлемсіз қабылдау механизмін енгізу де қарастырылуда.

