Наурызда орталық алаңға киіз үйлер тігіледі
Мерекенің символы саналатын 8 ақшаңқан киіз үй шаһардың мәдени ойын-сауық орталықтарында, ЖОО қабырғаларында тігіледі. Келушілер санитарлық талаптарды сақтала отыра қабылданбақ, яғни кіретіндер саны шектеулі. Сондай-ақ, онда ақ дастарқан болмайды. Дегенмен, танымдық көрме жұмыс жасайды.
- Мереке күндері біздің бүкіл мұражайлар облыс тұрғындарына ашық. 20-22 наурыз күндері Ж. Аймауытов атындағы драма театры балаларға арналған «Наурыз думан» ертегісі. Ал 24-25 наурыз күндері «Жәмилә» лирикалық драмасы көрермен назарына ұсынылады, - деді жауапты мекеме басшысы.
Мәдениет басқармасы шаралар кестесінің ресми парақшаларда жарияланғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, халықтың мереке күндері жиындарда көп шоғырланбауын сұрады.

