«Qalaisyn». Сауалдарға жауап беріп, сыйлық ұтып ал!

«Qalaisyn.kz» казнеттің үлкен жаңалығына айналды. Енді желіде кездесетін өзекті, ел аузында деген мәселелерге қатысты сауалнамалардың барлығы бір платформада жиналып, көпшілік назарына ұсынылған. Сұрақтар ауқымы да кең, ең сүйікті қазақстандық әншіден бастап, жаңа заңнама туралы өз ойыңызды білдіре аласыз. Енді «qalaisyn» сауалнамасы біздің тұрғындар үшін де қолжетімді. Жоба авторлары үшін маңызды сұрақтарға деген объективті жауаптар жинап,  қоғамдағы осал деген мәселелерге бағыт беру маңызды. Осы тараптағы жұмыс павлодарлықтардың өміріне жағымды әсер етпек.  

 

- Қазіргі таңда бұл түрлі мәселелерге қатысты ең шыншыл деректер жинағы болып табылады.  Павлодарлықтар арасында сауалнама жасау біз үшін өте қызықты. Себебі бұл қала тұрғындарының туған өлкесіне деген патриоттық сезімі ерекше. Олар жауап берген сұрақтарды жинап, жергілікті атқарушы билікке, өзге жауапты қызметтерге ұсынамыз. Сол арқылы павлодарлықтарды мазалайтын мәселелерді шешуге тырысамыз, - деді «Qalaisyn» платформасының контент директоры Ерлан Игисинов.

 

Жоба жетекшілері қандай да бір өнімдерді алға жылжытумен немесе сатумен айналыспайтындығын айтып, ескертуде. Жай ғана өз ойыңды білдіріп, бағалы сыйлықтарды ұтуға болады. «Qalaisyn» өзге өңірлерде нәтижелі жұмыс істеуде.

 

- Бірнеше сұраққа жауап беріп, бірнеше күннен кейін ақшалай сертификат ұтып алдым. Оны тұрмыс техникасына жұмсағым келеді, - деді Нұр-Сұлтан қаласынан сауалнама жеңімпазы Ажар Қадирова.

 

Qalaisyn-ның сауалнамаларына өзіңіздің әлеуметтік желідегі аккаунтыңыз арқылы немесе поштаға жіберілген сілтеме арқылы қол жеткізе аласыз. Әрбір өткен сауалнамаңыз үшін 20 ұпай беріледі. Бейінді сұрақтарды толтырып, 200 қосымша билет алыңыз. Неғұрлым көбірек сауалдарға жауап берсеңіз, соғұрлым көбірек ұпай жинап, әр апталық сыйлықтар ойнатылымына қатыса аласыздар.