• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар алюминий зауытында алғаш рет экологиялық баспасөз туры өтті

Павлодар алюминий зауытында алғаш рет экологиялық баспасөз туры өтті

Экологиялық баспасөз турының қатысушылары үшін кәсіпорын бойынша экскурсия өткізілді. Бұл жентектеу цехы екінші учаскісінің алаңы. Мұнда бірінші пештің газ тазартқыш жабдықтарын қайта құру жұмыстары жүргізілді. «Қазақстан алюминийі» АҚ бұл ауқымды жобаның алғашқы қадамы екенін атап өтті. Ол он жылға есептелген. Іске асыру құны 30 миллиард теңгеден асады.

 

- Бұл қайта құру еуропалық стандарттар деңгейіне жетуге мүмкіндік берді, шаңның қалдық мөлшері бойынша текше метріне елу миллиграмнан аз, зауыт бұл жобаға ұзақ уақыт дайындалды, 15-ші жылдан бастап біз бұл жеңді,  гибридті сүзгілер технологиясын жасай бастадық, - дейді Павлодар алюминий зауытының директоры Александр Фролов.

 

Экологиялық жобаны іске асыру қатты қалдықтардың шығарылуын 60% -дан астам азайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде «Қазақстан алюминийі» АҚ неміс компаниясымен жемісті ынтымақтастықта. Жұмыс нәтижесін қазірдің өзінде көруге болады. Мысалы - №1 пеш жұмыс істеп тұр, бірақ одан шығатын түтін байқалмайды, себебі қайта жаңартылған газ тазарту қондырғысы жұмыс істеп тұр.

 

- Жеңдік сүзгілері бұрын да қолданылған, бірақ олардың жоғары температуралық жағдайда қалай жұмыс істейтіні туралы техникалық шешімдер болған жоқ, жеңдер  күйіп кететін және нәтиже болмайтын.  Біз ThyssenKrupp компаниясының өкілдерімен танысқан соң, олар газдарды салқындатуға арналған шешімдері бар жаңа технологияны және осы жағдайда жеңдік сүзгілердің жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынды, - дейдіАлександр Фролов.

 

Шетелдік мамандармен  ынтымақтастықтың арқасында сүзгілер өндіріске толық сәйкес келеді. Олардың тиімділігі 100% құрайды. Жаңа жабдықтың басты айырмашылығы – олар «гибридті». Яғни, бұл электрлі де, жеңдік те болуы мүмкін. Бұл технология әлемдегі ең озық деп саналады.

 

- Стратегия жүзеге асырылуына байланысты біз оның жұмысының нәтижесін көреміз, алайда ERG мен Павлодар алюминий зауыты барынша назар аударады деп сенімді түрде айта аламыз, яғни оған жету үшін біз қойған басты параметр - бұл аймақтағы экологиялық жүкті төмендету, - дейді «Қазақстан алюминийі» АҚ бас экологы Мақсұт Жақыпов.

 

Бүгінде №1-пештің бірінші және екінші электр сүзгілерін қалпына келтіру аяқталды. 2020 жылға 2019-бен салыстырғанда  шығарындыларды азайтудың әсері екі мың тоннадан асты. Кәсіпорында барлық сегіз пешке инновациялық қондырғылар орнатуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, экологиялық тур «Қазақстан алюминийі» АҚ-да алғашқы, бірақ соңғы емес деп уәде берді. Олар әрдайым қоғамға ашық және бұл жерде қоршаған ортаны қорғау басты мәселе екенін атап өтті. Сүзгілерді өшіру туралы мәселе туындамайды, себебі бұл технологиялық тұрғыдан мүмкін емес. Ал қызғылт түтін табиғи қызыл түске ие бокситті өңдеудің нәтижесі болып табылады дейді мамандар.