• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы бірінші болып екпе салдырды

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы бірінші болып екпе салдырды

Бүгін «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасы емханаларға таратылуда. Ол арнайы индикаторлары бар термоконтейнерлермен ғана тасымалданады. Емханаларда 107 егу кабинеті ұйымдастырылған. Спутник V құрама вакцинасы Ресейде өндірілген. Сонымен қатар кімдерге салынбайтынын да айтты.

 

- Бұл коронавирустың өткір және симптомсыз түріне шалдыққандар, 18 жасқа дейінгі балалар, аяғы ауыр және емізетін әйелдер. Сонымен қатар 65жастан асқан тұлғаларға вакцина салынбайды. Коронавируспен ауырып жатқандарға жазылғасын 2-4 аптадан кейін салынады. Ал жағдайы орташа ауырғандар алты айдан соң сала алады, - деді емхана бас дәрігерінің орынбасары Майра Ермекова.

 

Бүгін  павлодардағы медициналық сақтандыру қорының басшысы Нұрлан Касимов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова шенеуніктерден алғашқылардың бірі болып екпе алды. Аймақтың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситқазинов өз әсерімен бөлісті. Айта кету керек барлық процесс БАҚ құралдарының қатысуымен өтті.

 

- Жақсы көңіл күйімен келдім. Ең бірінші терапевт қарап, қызуымды тексеріп, жүрек қағысы, тыныс алу жағдайымды бақылады. Алғашқы партиямен жеткізілген 1200 доза біздің медиктерге кетеді деп жоспарлап отырмыз. Екі аптадан соң екінші партия жеткізіледі, - деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситқазинов.

 

Айта кету керек, екпе салғандар үш күн бойы дәрігердің қадағалауында болады. Бәрі жақсы болса, осы адамдар 21 күннен кейін екінші кезеңін  қабылдайды.  Вакцина бірінші кезекте тәуекелділігі жоғары аймақта жүргендерге салынады. Олар: медициналық қызметкерлер, педагогтар мен құқық қорғау органдары, студенттер мен жабық мекемеде істейтін қызметкерлер.  1125 медик дайындық курсынан өткен.