• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысы тұрғындарына коронавирусқа қарсы екпе салуға дайындалуда

Павлодар облысы тұрғындарына коронавирусқа қарсы екпе салуға дайындалуда

Бүгін аймағымызда 53 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркеліп отыр. Жалпы өңірдегі жағдай тұрақты деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасында. Бұл ретте жедел жәрдемге қоңырау шалу саны да айтарлықтай төмендеген. Жылдың басынан 37 адам COVID-19 індетінен көз жұмды.

 

- Инфекциялық ауруханалардағы аурулардың жүктемесі 29%-дан 26%-ға дейін төмендеді. Реанимациялық бөлімшеде 24 науқас бар. Оның ішінде 4 науқастың жағдайы өте ауыр. 10 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Ерғалы Асылбек. 

 

- Мен өз басым, бұйырса, қазақстандық вакцина дайын болған кезде жаңағы сынақтардан сәтті өтті деген хабар бекітілген кезде сол вакцина түрін салғызуды өзім дұрыс деп ойлаймын. Өйткені қазақстандық вакцинаны сапалы жан-жақты дайындалып жатқанын естіп жатқан жайым бар, - деді тұрғындардың бірі.

 

- Мен жалпы вакцина салғызбаймын. Өйткені нақты тексеруден, зерттеуден өтпеген вакцинаға сенім аздау болып тұр. Сондықтан да әзірге осы екпенің көмегінсіз-ақ жүре тұрамыз-ау деп ойлап тұрмын, - деді келесі адам.

 

Сонымен қатар Павлодар облысында тілек білдіргендерге коронавирус инфекциясына қарсы екпе салуды бастап кетті. Ол үшін тұрғындар өзі бекітілген емханаға жүгінулері тиіс. Айта кетейік, бұған дейін дәрігерлер мен педагогтарға және құқық қорғау органдарының мамандарына салған еді. Сонымен бірге бүгін аймағымыздың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына бірқатар өзгеріс енгізілді. Наурыздың 15-нен бастап балабақшалардың кезекші топтарындағы бала санын 25-ке дейін арттыруға рұқсат берді. Бұл ретте санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс.