Павлодар облысында сайлау жұмысына 3 мыңнан астам адам тартылады
Павлодар облысында сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге сайлау комиссияларының 3 446 мүшесі жұмылдырылады. Олар өңірдегі облыстық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды irbistv.kz.
Комиссияның барлық мүшесі арнайы электоралдық оқытудан өтуде. Дайындық барысында олар сайлау заңнамасының нормаларын зерделеп, түрлі жағдайлардағы іс-қимыл алгоритмдерін пысықтайды, сондай-ақ дауыс беру күні туындауы мүмкін практикалық кейстерді шешеді.
