Павлодар облысында шегірткелердің шамадан тыс көп болуы күтілмейді
Қазіргі таңда шегірткенің қоныстану аймақтарын анықтау үшін 7252,9 мың гектер алаңда мониторингілік зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Дегенмен де биыл бұл зиянкестер әдеттегіден көп болады деген болжам жоқ. Алдағы жылдары көбейген жағдайда біз дайынбыз дейді жауапылар. Биыл саяқ шегірткелермен күреске жергілікті бюджеттен 7,163 миллион теңге бөлінген.
- Өңдеу жұмыстарын мемлекеттік қор жерлерінде 6,643 мың гектер көлемде, облыстың барлық 10 ауданында және Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының ауылдық аймақтарында өткізу жоспарлануда, - деді ҚР АӨК Павлодар ОАИ ММ басшысының орынбасары Арман Шүйкенов.
Қазір бірқатар аудан мен Ақсу және Екібастұз қалаларның ауылдық аймақтарында химиялық өңдеу жұмыстары аяқталған. Өткен жылмен салыстырғанда өңдеу алқаптарының алаңы екі жарым есе азайған. Бұл зиянкестердің биологиялық кемуіне байланысты дейді.

