• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында жақсы көрсеткішке қол жеткізу үшін сотталушыларды жалған жұмысқа орналастырған

Павлодар облысында жақсы көрсеткішке қол жеткізу үшін сотталушыларды жалған жұмысқа орналастырған

Павлодар облысында 289 сотталған адам іс жүзінде жұмыс істемесе де, жұмысқа орналасқан ретінде тіркелген. Бұл заңбұзушылықтарды прокуратура қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің бірінде жүргізілген тексеру барысында анықтады, деп хабарлайды irbistv.kz.

 

Есептерге сәйкес, мекемедегі еңбекке жарамды 855 сотталғанның 494-і жұмыс істейді деп көрсетілген.

 

-Зейнетақы аударымдары мен әлеуметтік төлемдер туралы мәліметтерді тексеру нәтижесінде шын мәнінде тек 205 сотталғанның жұмысқа орналасқаны расталды. Осылайша, 289 адам іс жүзінде жұмысқа орналастырылмаған, ал еңбекпен қамту көрсеткіші 2,5 есеге артық көрсетілген. Аталған сотталғандарды жалған жұмысқа орналастыру «Еңбек-Павлодар» филиалының бұйрығымен рәсімделгені анықталды, - деп хабарлады Павлодар облысының прокуратурасы.

 

Ведомствоның мәліметінше, заңбұзушылықтарға сотталғандарды жұмысқа орналастыру жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырмау себеп болған. Тексеру қорытындысы бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.