Павлодар облысындағы эпиджағдай қандай?

Павлодар облысында Covid-19 жұқтырғандар саны күрт төмендегенімен еліміз бойынша бұл індетпен ауыру жағынан бәрібір де біздің аймақ алғашқы орында тұр. Денсаулық сақтау басқармасында бұған жаңа жылдық мерекелер мен сол аралықта карантиннің жеңілдетілуі себеп болуы мүмкін деп болжайды.

 

- Қазір әлі күнге дейін сол кездің нәтижелерін көріп жатырмыз. Бізде жаңа жыл кезінде көптеген қоғамдық орындар, сауда орындары толық ашық болды. Жыл басында, яғни қаңтар айынан көрсеткіш күрт өсе бастады. Адамдар бір-біріне көп жұқтырды, - деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы м.а. Ерғалы Асылбек.

 

Соңғы тәулікте Павлодар облысында корорнавирус жұқтырудың 180 дерегі тіркелген. Инфекциялық стационарлардағы бос емес кереует саны 35 процентті құрайды. 612 адам стационарда ем алуда. Жансақтау бөлімінде 26 адам, оның 10-ы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жыл басынан коронавирус індетінен 20 адам көз жұмды.