Павлодар қаласының әкімі БАҚ өкілдерін құттықтады
Қала басшысы Ержан Иманслям «Байланыс және ақпарат қызметкерлері» күніне орай өңіріміздің БАҚ өкілдерін төл мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттар мен естелік сыйларын салтанатты түрде ұсынды.
- Сіздердің жұмыс арқылы біздің Павлодар тұрғындары осы қала өңірінде болып жатқан оқиғалармен танысып отырады. Сондықтан сіздердің жұмыстарыңызға әр журналист әр тілші өзінің көрермені арқылы баға беріледі, - деді Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслям.
Марапатталғандардың қатарында арнамыздың бас редакторы Тимофей Голев, журналистері Артем Клеван мен Айтмұхамбет Айғожа, бейнеге жауап беретін оператор Дмитрий Моисеенко де бар. Себебі хабардың бет-пердесін ашуға журналистермен қатар, операторлар, монтаж және дыбыс режиссерлерінің атқарар ролі зор.
- Жалпы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ең алдымен бізде халыққа қызмет ету. Халықпен шенеуніктер арасындағы байланыс деп айтуға болады. Ортасы. Өйткені кейбір тұрғындар әкімдікке өз шағымын тікелей айта алмайды. Онда түрлі бөгеттер болады. Кабинеттен кабинетке жүгіру керек болады, - деді корреспондент Айтмұхамбет Айғожа.
Сонымен қатар, кездесуде бүгінде БАҚ халықты ақпаратпен қамтамасыз етіп, облысымыздың өмір тіршілігін кәсіби көзқараспен жарыққа шығаратын қаламды қару еткен тілшілер қауымы үлкен роль атқаратыны тілге тиек етілді.

