Павлодарда 1425 адам әкімшілік қамауға алынған
Жыл басынан бері Павлодардағы әкімшілік қамауға алынғандарға арналған арнайы қабылдау орнына 1425 тұрғын жеткізілген. Олардың 26-сы — әйелдер. Мұнда көбіне көлікті мас күйінде басқарғандар мен отбасылық-тұрмыстық жанжал шығарғандар түседі, деп хабарлайды irbistv.kz.
Әкімшілік қамау әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін тағайындалады. Жағдайға байланысты адамға тек айыппұл салынбай, сот шешімімен арнайы қабылдау орнына да жіберілуі мүмкін. Мұнда құқық бұзушылар сот үкімімен белгіленген жазасын өтейді.
- Арнайы қабылдау орнына ең жиі түсетіндер — отбасылық жанжал шығарушылар (327 адам) және көлікті мас күйінде басқарған жүргізушілер (506 адам). Бұл санаттағы құқық бұзушыларға 10-15 тәулікке дейін әкімшілік қамау жазасы тағайындалады, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінде.
Сонымен қатар 51 адам қоғамдық орындарда алкоголь ішкені үшін, ал 117 адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік қамауға алынған.
Жалпы, жыл басынан бері Павлодар облысында 1425 тұрғынға әкімшілік қамау жазасы тағайындалған.
