Павлодарда 300 ит пен мысыққа арналған пана құрылысына қаражат жетпеуде
Павлодар қаласында салынып жатқан жануарларға арналған пана құрылысын аяқтауға әлі де қаражат қажет. Естеріңізге сала кетсек, мұнда шамамен 300 ит пен мысықты орналастыру жоспарланып отыр деп хабарлайды irbistv.kz. Ал қажетті құрылыс материалдарын жинауға қала тұрғындары да өз үлесін қосуда.
Қазіргі таңда ғимаратты көтеріп тастаған. Енді шатыры мен ішкі әрлеу жұмыстары қалып отыр. Қазіргі мақсат қысқа дейін барлығын аяқтау. Бұл иесіз қалған иттер мен мысықтар үшін қажетті күтім, тамақ пен ветеринарлық көмек көрсету.
- Ирбис біз туралы көрсеткен соң қала тұрғындары көмектесіп, бүгінгі таңда осы кезеңдеміз. Бүгін терезесі мен есіктерін салғалы жатырмыз. Енді тағы да қала тұрғындарынан тағы да көмек сұрағымыз келеді. Бұл жай ғана пана емес қалаға ең қажетті ғимарат болмақ, - дейді волонтер, жануарларға арналған қоғамдық қор жетекшісі Александра Старина.
Жануарларға арналған пана ғимаратаның құрылысы аяқталуға жақын. Дегенмен әлі қаражат қажет. Сонымен қатар павлодарлықтар құрылыс материалдарымен де көмектесе алады.
-Қаражат таусылды. Құрылысты толық аяқтау үшін әлі 5 миллион теңге қажет. Павлодарлықтар кез келген құрылыс материалымен көмектесе алады. Кірпіш, құмблок, ағаш, стропила, линолеум, кафель, бактерицидті лампа, жануарларға арналған бокстар қажет, - дейді Александра Старина.
Болашақ «Пана үйі» жануарлар жаңа иелерін күтіп отыратын жай ғана орын емес, көшеде қалған жүздеген ит пен мысыққа қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасалған мекен болмақ. Құрылысты жақын арада қыс түспей аяқтау жоспарлауда. Демек, уақыт аз.
Бибінұр Хамитқызы

