Павлодарда ағымдағы айдың 15-інен шомылу маусымы басталады
Орталық жағажайды шомылу маусымына дайындауға кірісті. Бүгінде жауапты мердігер қоқыс жинау, құм әкелу, артық шөптерді шабу, қылқыма және тыйым салу белгілерді орнатумен айналысуда. Қазірдің өзінде демалатын орындықтар, шатырлар мен киінетін орындар дайындалған. Сонымен қатар, биыл орталық жағажайда дәрігерлер мен құтқарушыларға арналған бекеттер пайда болады. Суға ресми түрде маусымның 15-інен бастап түсуге рұқсат.
- Құтқарушы бағаналар соны қоямыз. Одан кейін екі мында контейнер тұрады. Соның ішінде дәрігер отыратын болады. Сосын спасатель отырады. Екеуін осы жерге қоямыз. Оның ішінде 4 қайық бар. 30 құтқарушы бар, - деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Ержан Түсіпбеков.
- Павлодар қаласының төңірегінде ол орталық жағажай және Усолкадағы жағажайдағы тексеру жұмыстары өткізілді. Ол жұмыстар 15-ші маусымға жоспарланған. Шомылу маусымының ашылуына байланысты осы іс-шара жүргізілді, - деді Павлодар қаласы ТЖ басқармасы басшысының орынбасары Тілекжан Галямов.
Маусым ресми ашылғанда орталық жағажай күніне 3 рет тазаланады. Оған жауапты мердігер анықталды. Бөлінген сомма құны 28 миллион теңгені құрайды.

