Павлодарда биыл екі ит қыдыртатын орын пайда болмақ

Бекмаханов – Павлов көшелерінің қиылысында аталмыш ит қыдыртатын орын 2019-шы жылы пайда болды. Оған жақын ауданнан көптеген төрт аяқтылар келеді. Қожайындар үнемі иттердің артынан жинап, алаңды таза ұстауға тырысады. Бұған қарамастан, жақында мұнда хабарландыру пайда болды.

 

Иттері барлар аталмыш алаң жабылған жағдайда қайда барамыз деген сұрақ қоюда. Павлодарда бүгін арнайы 6 орын бар. Олар Катаев, 31, Сәтпаев, 21/1, Желтоқсан, 7, Айманов көшесінің бойында, Павлов 42 және Киров көшесінде орналасқан.

 

- Алаңдардың барлығында төрт аяқтыларға қажетті жабдықтар бар. Әрбіреуі жабылады. Иттердің қожайындары өз орындарын тазалықта ұстайды. Бұған қарамастан, жергілікті тұрғындар оған қарсылықтарын білдірді. Айтуларынша, үлкен иттер қоршаудан секіріп, балаларға зақым тигізе алады. Сол себепті қазір алаң бұзылып, басқа жерге орнатылады, - деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің бас маманы Анар Сулеева. 

 

Барлық 6 алаң коммуналшылардың теңгерімінде. Биыл тағы екеуінің құрылысы жоспарланған. Алайда, №19-шы мектептің маңындағы орын бұзылу себебіне байланысты ағымдағы жылы тек біреуі ашылады. Ол жаңа алаңның орнына қойылмақ.

 

Мамандар ит серуендетуге жер табу қиынға соғатынын мәлімдеді. Себебі тұрғындар үнемі қарсылықтарын білдіріп жатады екен.