• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда Естай ескеркіші үшін 45 миллион теңге жұмсаған

Павлодарда Естай ескеркіші үшін 45 миллион теңге жұмсаған

Естайдың ескерткішін орнату ұсынысы зиялы қауым өкілдерінен түскен. Облыстық бюджеттен бұл үшін 45 миллион теңге бөлініпті. Ескерткіштің үздік эскиздік жобасына байқау жарияланған.

 

 

- Жергілікті БАҚ конкурс жарияланып, ең ірі деген үш мүсін таңдап алынды. Ол 3 мүсінді біз республикалық комиссияға жіберіп, мәдениет және спорт министрлігі құрамындағы  комиссиясы шешімі бойынша суретшілер одағының мүшесі Азат Баярлин анықталды, - дейді Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Мейірманов.

 

Ескерткіште Естайдың жас кезі бейнеленген дейін мәдениет басқармасында. Мүсін қоладан құйылған. Биіктігі 4 м, гранит тұғырының биіктігі 4 метр.  Оны  тұлғаның есімімен аталатын қалалық мәдениет сарайы жанына орнатуды шешіпті.

 

 

- Бүгінгі таңда ескерткіш орнатылды. Естай атындағы мәдениет сарайының қасында. Жоспар бойынша 21 наурыз ашылу көзделіп отыр, - деді Асылбек Мейірманов.

 

Естайдың әнші-ақындық, сазгерлік талантын бүкіл қазақ сахарасына мәшһүр еткен әні — "Қорлан". Ол - орындаушылық өнерімен қатар сазгерлік талантымен де танылған бірегей тұлға.