Павлодарда КВИ-ге қарсы екпенің екінші кезеңін салуда
Естеріңізге сала кетейін, өңірімізге COVID -19-ға қарсы вакцинаның екінші компоненті жеткізілді. Ол алдымен провизорлық орталықтар мен госпитальдардың, инфекциялық стационарлар мен жедел жәрдем қызметкерлеріне салынуда. 4-емхана бойынша мұнда тіркеуде тұрған 130 медик екпе алып үлгерген. Бірінші компонентті алған кезде оларда түрлі жанама әсерлер пайда болған.
- Екпе алған адамда әлсіздік, жоғары немесе төмен қан қысымы, қызу анықталса, бірден дәрігерді жібереміз. Бұған дейін, яғни бірінші компоненттерді алған медиктерде тоңу, 38 градус температура, бөртпе де болды. Сол себепті біз медициналық мекемелердің басшыларына екпе алған қызметкерді жұмыстан босату кеңесін берер едік, - деді Павлодар қаласы №4-емханасының дәрігер-сарапшысы Людмила Асташкина.
Екінші компонентті салар алдында да келуші тексеруден өтеді. Қызуы, қан қысымы, сатурациясы тексеріліп, өкпесін тыңдайды. Екпе салған соң 30 минут отырады. Үш күн дәрігердің бақылауда болады.
- Егер екінші компонентті салуға келген медициналық қызметкерде қандай да бір суық тию белгілері анықталса онда вакцина салмаймыз. Тек жеті күн өткен соң ғана салуға рұқсат. Одан көп уақыт өтпеуі керек. Кері жағдайды әсері өте аз болады, - деді Людмила Асташкина.
Естеріңізге салсақ коронавирустық инфекцияға қарсы екпені алғашқылардың бірі болып денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен шенеуніктер салғызған еді. Бүгін өңірімізде коронавирус жағдайының 93 дерегі тіркелген.

