Павлодарда мүгедек үш баласы бар анаға көмек көрсетілді
Маргуаш Абдугалиеваның қос баласы сал ауруына шалдыққан. Жолдасы инсульттан кейін мүгедектер арбасына таңылған. Ұлы Дидар Нұрхановтың аулаға шығуға мүмкіндігі болмаған. 81 жастағы кейуана перзентіне мүгедектер арбасын сұрап жүгініпті. Қайырымды жандар шаңырақа арнайы келіп сыйларын өз қолдарымен табыстады.
Электронды арбаның құны - 1 миллион теңге. Заманауи үлгідегі аппаратта бірқатар функциялар бар. Бұл ретте, Маргуаш апа көрсетілген көмекке алғысын айтты.
- Бес бала тәрбиелеп отырмын. Екеуі бала мүгедек, шалым да жарымжан. Көмектесіп жатқан әкімшіліктерге, бәріне рахмет, барсам ылғи көмектеседі. Көптен көп рахмет, - деді Маргуаш Абдугалиева.
Айта кетейін, осыған дейін жанұяға арнайы төсек берілген. Әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету және мүгедектерге барынша жағдай жасау әрбір жанның қолында.
