• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарда нашар жолдардың салдарынан қоғамдық көлік бағыттары өзгерді

Павлодарда нашар жолдардың салдарынан қоғамдық көлік бағыттары өзгерді

Жұмыстар Қамзин көшесі бойымен «Қазправда»-дан Ладожская аралығында жүргізіліп, құбыр тартылған шұңқырларды құммен жапқан. Қыстың аязында жер қатып, жол қалыптасты. Бүгінде көліктер легі бір жақты бағытпен жүруге мәжбүр. Ол жерден автобустар өте алмайды. Сол себепті қозғалысын басқа көшеге ауыстырды. Адамдар жүру мүмкін емес дейді.

 

Қала әкімдігінде №9 бағыт бойынша қатынайтын үлкен класстағы автобустың сызбасы өзгергені туралы айтты. Қоғамдық көлік құммен жабылған көшеде батып қалуы мүмкін.

 

- Қамзин көшесімен солтүстіктен оңтүстікке қарай бағыт ала отырғанда Краснодонская көшесінен оңға бұрылады одан әрі солдан Катаев көшесіне бұрылады. Одан солға бұрылып Назарбаев даңғылына шығады. Одан әрі тиісті бағыт бойынша жүретін болады. Кері бағыт та дәл осылай жүзеге асырылады, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла. 

 

 

Қамзин көшесіне асфальт салу жұмыстары қолайлы ауа райы болғанда басталады. Абаттандыруға қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді.