Павлодарда сәуірдің онынан тазалық айлығы басталады
Шағымдар да көп түсуде. Ал әкімдіктегілер қаланы қоқыстан тазалау жұмыстары қолға алынатыны туралы хабарлады. Санитарлық тазалық айлығы жарияланды. Алғашқы сенбілік 10-шы сәуірде ұйымдастырылады.
- Ірі кәсіпорындар, ПИК-тер және қала тұрғындарын белсенділік танытуға шақырамыз. Жұмыстарды қала, облыс депутаттары бақылайды. Қоқыс шығару үшін техника ұсынамыз. 1 ай бойы қабылдау орындары қоқысты тегін қабылдайды, - деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы Игорь Рыбас.
Алғашқы сенбілік күні қала бойынша 70 жүк және 30 тиегіш жұмыс жасайды. Олар ПИК-терден түсетін өтініш бойынша келеді. Павлодар 24 секторға бөлініп, әрбіреуіне депутаттар жауапты болады. Тазалық шарасы 10-шы мамырға дейін жалғаспақ.

