Павлодарда тазалыққа немқұрайлы қарағаны үшін ПИК-терге айыппұл салуда
Аула ішімен жүру мүмкін емес. Мұзды сүрлеулер адамдар үшін нағыз тосқауылға айналған. Бұдан бөлек, көпқабаттылардың маңайында қар үйінділері жатыр. Төбедегі сүңгілер де қауіп төндіреді. Полицияда айтқандай тазалық жұмыстарын орындамағандарды жазалайды.
- Жыл басынан 952-әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұл қар үйінділерін уақытында шығармау бойынша. Әкімшілік жауапкершілікке 14 мекеме және 1 ПИК тартылды. Учаске инспекторлары күнделікті рейд жұмыстарына шығады. Осылайша, құқық бұзушылықтар анықталады, - деді Павлодар қаласы ПБ ЖПҚ аға инспекторы Дәурен Нұржанов.
Жеке тұлға үшін айыппұл соммасы 60 мың, ал бизнесмендерге 87-ден 300-мың теңгеге дейін. Қыс басталғалы абаттандыру ережесін бұзу бойынша 505 мың 800 теңге өндірілді.

