Павлодарда қазан айында ауа райы қандай болады?
Болжамдарға сәйкес, қазан айында ауа райы алдыңғы жылдармен салыстырғанда 1 градусқа жылы болады, деп хабарлайды irbistv.kz.
Егер синоптиктердің болжамы расталса, айдың бірінші жартысында әдеттегідей жылы әрі жайлы күндер жалғасады. Түнде қалада ауа температурасы -6 градусқа дейін төмендейді. Ал күндіз ауа райы жайлы болып, +15…+20 градус шамасында болады.
-Екінші онкүндікте түнгі температура төмендеп, -5…-10 градус аралығында болады. Күндіз +13…+18 градусқа дейін жылынады. Үшінші онкүндікте түнгі температура -3…-8 градус шамасында болса, күндіз ауа температурасы +12…+17 градусқа дейін көтеріледі, – деді Павлодар филиалының метеоболжау бөлімінің басшысы Ирина Анохина.
Айдың соңына қарай ауа райы бұзылып, нағыз күзгі сипатқа енеді: қатты жел соғып, жаңбыр жауады. Синоптиктер қар жаууы да мүмкін екенін жоққа шығармайды. Сонымен қатар жауын-шашын мөлшері көпжылдық норма шегінде болады деп болжануда.
Айта кетейік, Павлодардағы ең жылы қазан 1970 жылы болған. Сол жылы ауа райы жаздағыдай ыстық болып, температура +29 градусқа дейін көтерілген. Ал 1987 жылы, керісінше, бұл кезеңде ауа райы ерекше суық болып, температура -22 градусқа дейін төмендеген. Биылғы болжам бойынша, табиғат тосынсыйлары күтілмейді.
