Павлодардағы жаңадан ашылған шұғыл көмек көрсету бөлімшесі жұмысын бастады
Бұл ғимаратта науқастарға шұғыл көмек көрсетіледі. Әрбір пациентің толық тексерістен өтуі үшін барлық жағдай жасалған. Жалпы жобаға бюджеттен 2,5 миллиард теңге бөлінген. Оның 1,8-і заманауи техникалық жабдықталуға жұмсалған. Мұнда операциялық залдар мен жан сақтау палаталары да қарастырылған.
- Бізде диагностикалық зал бар. 8 науқасқа арналған. Сол жерде ешқайда апармай электрокардиограмма, іш құрылыстарын УЗИ аппараттары арқылы және сүйектерін, өкпенсін ретген аппаратқа дәл сол жерде түсіріп науқастың емінің уақытын қысқартамыз, - деді №1 Павлодар қалалық ауруханасы бас дәрігерінің медициналық бөлім бойынша орынбасары Кеңес Ақылжанов.
Айта кететіні, бөлімшеде пациенттерді жағдайына қарай триаж сұрыптау жүйесі де ұйымдастырылған. 75 жастағы Жоламан ата бүйрегіндегі тастарымен түскендіктен оның жағдайы орташа бағаланып қолына сары білезік тағылды. Айта кететіні, ол жаңадан бой көтерген бөлімшеге жеткізілген алғашқы пациент. Ақ халаттылардың айтуынша өткен жылы қабылдау бөлімшесіне 60 мыңнан астам адам жүгінген. Бұл тәулігіне шамамен 250 пациент. Триаж орталықта барлығы 68 медициналық қызметкер көмек көрсетеді.

