• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы қоғамдық тәлімбақта өсірілген ағаш көшеттері тегін таратылады

Павлодардағы қоғамдық тәлімбақта өсірілген ағаш көшеттері тегін таратылады

Бұл тәлімбақта жыл сайын 3000 мың түп ағаш өсіріледі екен. Сәйкесінше түрлері де сан алуан. Биыл сүмбіл терек, емен, бұйра талдардың тұқымы егілген. Арасында аса кездесе бермейтіндері де бар.

 

- «Еуроазияттық энергетикалық корпорациясы» АҚ қазіргі қоғамның өзекті мәселесіне неқұрайлық қарамайтынына қуаныштымыз. Кәсіпорынмен бірлесе отыра біз 3 жылдың ішінде 9000 жуық көшеттерді тегін тарата алдық, - дейді «Подари Земле сад» ҚҚ төрағасы Юрий Гашек.

 

 

Ерекше күтіммен бапталған жас көшеттердің тек шағын бөлігі қоғамдық тәлімбақта қалады. Ал қалғанын әр жерлерден келген ниет білдірушілер алып кетеді.  

 

- Ағаштардың басым бөлігін қарапайым тұрғындарға, белгілі бір ұйымдарға әртүрлі экологиялық акциялар өткізу үшін үлестіреміз. Басты мақсатымыз ағаш отырғызу арқылы жерімізді жасыл желектермен толтыру, көгалдандыру. Бұл жер үшін таптырмас шипа деп санаймыз, - деді «Подари Земле сад» ҚҚ төрағасы Юрий Гашек.

 

 

Маманның сөзінше «Еуроазияттық энергетикалық корпорациясы» АҚ жасалған одақтастық бірқатар мүмкіндіктерге жол ашыпты. Осы кезге дейін кәсіпорын тарапынан 20 миллион теңге шамасында демеушілік көрсетілген.

 

- Бөлінген қаражаттарға тәлімбақтағы суару, электр тарату жүйесі жасалынды. Сондай-ақ, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Мәселен, өткен жылы шұңқырларды бұрғылайтын құрылғы сатып алынды. Қоғамдық тәлімбақпен 2018 жылдан бірге жұмыс жасап келеміз. Өңіріміздің экологиялық саулығы біз үшін өте маңызды, - деп атап өтті «ЕЭК» АҚ бас экологы Кристина Паршукова.

 

 

«ЕЭК» АҚ үшін көгалдандыру жобасы әрқашан басты назарда. Қазіргі кішкентай талдар болашақтың жарқын кепілі. Сондықтан кәсіпорын жасыл желектер санын көбейтуді және оларды баптауды жалғастыра бермек.