Павлодардың түзету мекемесінде асық ойнайды

Асық ату ойынын сотталушылар бес саусақтай біледі. Әр асықты көздеуден хас шеберге айналған ер адамдар бүгін өзара жарыс өткізді. Мұндай шаралар темір тордың ар жағындағы сүреңсіз күндердің аз да болса шырайын келтіреді дейді олар.

 

- Бүгін енді ұлттық мерекеге байланысты мекеме осындай шаралар өткізіп жатыр. Тоғызқұмалақ асық, шахмат секілді ұлттық ойындарды өткізеді осылай. Осында келіп үйреніп жатырмыз. Бұрын ойнап көрмеппіз, - деді сотталушы Марлен Нұржанов.

 

Мұнда шахмат пен дойбыны да жетік меңгергендер бар. Командалық тартыста бақ сынағандар кейін өзара мықтыны анықтайды. Мұндай жарыстағы орындар олардың мерзімінен бұрын босап шығуына әсерін тигізеді дейді мекемедегілер.