Павлодарлық оқушылар айына 36 мың теңге ақша таба алады
Оқушылардан құрылған топ екінші күн қала аумағындағы саябақтарды тазалауда. Кестесі де ыңғайлы. Таңғы 8-ден 12-ге дейін 4 сағат еңбек етеді. Бастысы - 15 күн үшін 18 мың теңге көлемінде жалақы алады.
- Өткен жылы 330 оқушы қатысса биыл олардың саны 772 адамды құрайды. Бірінші кезекте халықтың осал топтарына жататын отбасыдан шыққан балалардан, жетімдерден өтініш қабылдаймыз. Бұдан соң басқаларын тіркейміз, - дейді Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бас маманы Сағындық Шәкенов.
Оқушылар мұнда достарымен келген, жұмыс қиын емес дейді. Уақытты тиімді пайдаланып, қажеттіліктеріне ақша табу үшін бұл керемет мүмкіндік екенін түсінеді. Жалақыларын қайда жұмсайтындарын да ойластырып қойған. Кезекті жұмыс мерзімі жарты айдан соң басталып, 15 күнге жалғасады. Еңбек еткісі келетін жастар 2-маусымға да қатыса алады.

