Павлодарлық санатын ауыстырамын деп баспанаға кезегінен айырылып қалған
Анастасия Лунга 2008 жылы жетім ретінде пәтер кезегіне тұрған. Ал 4 жылдан соң бұл мәртебесін «Толық емес отбасы» категориясына ауыстырады. Алайда ол тізімнің соңғы жағына түсіп қалған.
- ТҮКШ бөлімінің қызметкерлері 2102 жылы маған «Жетім» санатынан «Толық емес отбасы категориясына» ауысу керек, себебі қызың бар, оны да отбасы құрамына қосқан жөн деді. Осылай жасасаң, пәтерді тез аласың деген, - деді Анастасия Лунга.
Ал 2019 жылы Анастасия өзінің Жетім деген категориясына қайта оралған. Енді жаңа тізім бойынша қашан пәтерге қол жеткізетіні белгісіз. Қыз бұған ТҮКШ бөлімі қызметкерлерін кіналауда. Айтуынша он жылдан астам кезекте тұрғанымен қоймай, тағы осынша күтуге тура келеді.
- Заңға сәйкес баспана кезегінде тұрған адам өз өтініші бойынша категориясын ауыстырса, қайтадан артқа өз кезегіне қайтару қарастырылмаған. Ол өтінішті өзі жазды, сол себепті Павлодар қаласының тұрғын үй комиссиясының шешімімен оның өтініші қанағаттандырылды, - дейді Павлодар қаласы қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Ақерке Еламанова.
Анастасия Лунга ТҮКШ бөлімі қызметкерлері мені кезегім өзгеретіні туралы ескертпеді деген себеппен сотқа жүгінген. Алайда іс оның пайдасына шешілмеді.

