Павлодарлық сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорын тауар құнын шарықтатып жіберген
Сүт бірден 45 теңгеге қымбаттаған, ал қаймақ одан да көп. Айта кету керек, бағаны көтеріп отырған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісі – Павлодар облысының ірі кәсіпорындарының бірі. Бүгінде сүт және қаймақ әр отбасы күнделікті пайдаланатын алғашқы қажеттіліктегі азық-түлік болып саналады. Сондықтан, аталмыш тауарлардың бағасы көтерілгенін павлодарлықтар бірден байқады.
- Ашуым келеді. 240 теңгеден алып жүрген сүтті бүгін 270 теңгеге алдым. Сұмдық. Бұл күнделікті тұтынатын тауар үшін өте қымбат, - дейді қалалықтардың бірі.
Қала тұрғындары енді басқа да өндірушілер өнімдерінің бағасын көтереді деп алаңдап отыр. Кейін басқа да сүт өнімдері қымбаттауы мүмкін. Ал жергілікті кәсіпорынның не себепті тауарларына бағаны өзгерткені әзірге белгісіз.
Авторы: Аида Адрахова
