Павлодарлық зейнеткердің қарын шығарды

Зейнеткер Галина Белик енді өз күшімен қарды қалай шығарамын деп уайымдамайды. Жуырда жалғыз басты қария редакциямыздың көмегіне жүгінген болатын. Бүгін таңертеңнен бастап үйіне еріктілер келе бастады.

 

- Кеше әлеуметтік желілерде пайда болған жаңалықты оқыдық. Онда жалғыз басты әжеге қар тазалауға көмек қажет деп жазылған. Бүгін көмекке келдік. Ауладан үйінділердің жартысын шығарып үлгердік, - деді ерікті Русана Самекова.  

 

- Менің қуанышымда шек жоқ. Балаларға алғысым шексіз. Барлық үйінділерді шығарып тастады. Енді үйімді су баспайды деп ойлаймын, - деді Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі №305-үйдің тұрғыны Галина Белик.  

 

Еріктілер Галина Беликтен басқа да жандарға көмек көрсетіп үлгерді. Жыл басынан волонтерлер бірнеше мекенжайды қардан тазалаған. Еріктілер қар тазалаудан бөлек, дүкен немесе дәріханаға барып келе алады. Жалғыз басты зейнеткерлер, көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға жәрдем көрсетіледі. Бүгінде олар Галина Михайловнаның жағдайын бақылауда ұстауға уәде берді.