Павлодарлықтан 1989 жылдың салығын төлеуді талап етуде

Ол салық бойынша қарызы бар екенін 2010-шы жылы білген. Сол кезде Ресей азаматтығына ауысқан. Мәселенің мән-жайын анықтайтын уақыты болмапты. Салығын төлеп кетіп қалады. Бүгінде Қазақстанда тұруға ықтиярхатын алған. Қайтадан 16 мың теңге салық төлеу қажет деген қағаздар келе бастады. Зейнеткер соманың қайдан шыққанын анықтады. Белгілі болғандай, қаражат 1989 жылы бұзылған баспанасы үшін есептелуде.

 

- Бармаған жерім жоқ. Ештеңе білмейді. Сіздер бізге техник шақырыңыздар. Үйдің планын істеңіз техник істеу керек. Соған төлеңіз, флешка алыңыз түгелін жазу керек. Оның түгелін білмейміз ғой терминдерін. Содан кейін сізге қағаз береміз. Түгелі жарге барсам сностың қағазы қайда дейді. Бізге ондай қағаз берген жоқ ол кездері. Кеңес Үкіметі кезі ғой, - деді Баянбек Абельдинов.

 

Зейнеткердің айтуынша 1989 жылы жер үйін бұзып, орнына оған Шөкин, 38 мекенжайынан 4 бөлмелі пәтер берген. Уақыт өте келе оны да ауыстырған. Айтуынша, түрлі жылжымайтын мүлік иесі болған. Ешқайсысында қарыз жоқ. Бүгінде Желтоқсан көшесі 158-үймен аяқталады. 160-тың орнында Горький, 37 көпқабатты баспанасы тұр. Мемлекеттік кірістер департаментінде, біз тек салық сомасын есептейміз деп мәлімдеді. Оларға ақпаратты әкімдік береді.

 

- Егер де құзыретті орган бізге ақпаратты түзету қажет деген құжат жіберсе, біздің тараптан салық кодексіне қуыным мерзімінің ұзақ болуына сәйкес түзету жасалады. Сондай-ақ, алда салық төлеушіге мұндай түбіртектер келмеуі үшін хатта не жазылғанын қараймыз, - деді Павлодар облысы мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Дастан Брыков.

 

Мемлекеттік кірістер департаментінде мәселені шешу үшін зейнеткердің өзі кабинеттерді аралау қажет деді. Баянбек Абельдинов оның алдында барлық инстанцияларға барған. Алайда, шешімін таппады. Атаның жасы 72-де болғандықтан, жүруге шамасы жоқ.