Павлодарлықтарға жылу жетіспеушілігі бойынша 6,5 миллион теңге қайтарылады
Жылыту маусымы басталғалы алпауытқа салқын батареялар бойынша 1000-ға жуық шағым келіп түсті. Жылу жетіспеушілігі тек 180 мекенжайда расталды. Энергетикалық компанияда адамдар тоңып отырғандарына көбіне өздері кінәлі дейді. Алпауыт салқын батареялардың негізгі себептерін айтты.
- Басты себептердің бірі - тұтынушылар үйдің жүйесін қысқа дайындамағандықтары. Бұдан бөлек, жылу берушілердің тексерісі кезінде қайтарылатын судың температурасы жоғары болғаны анықталады. Бұл әрине, гидравликалық және температуралық тәртіпті бұзады. Сондай-ақ, кейбір адамдар жылуға қосымша дәліз және лоджияларын қосады екен, - деді алпауыт өкілдері.
Энергетикалық компанияда жылу жетіспеушілігі бойынша қайта есептеу қазан-ақпан айлары аралығында жүргізілді. Қайтарылған сома 6,5 миллион теңгені құрайды.

